Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қызылқоға ауданы аумағында ағымдағы жылдың 1-29 ақпан аралығында заңсыз аң аулау, су жануарларын аулау, ағаш кесу фактілерін анықтау мақсатында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараның мақсаты - браконьерлікті, биологиялық ресурстар обьектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды анықтау болып табылады. Іс-шара кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабына сай, яғни аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін 5 азаматқа қатысты және еш жерде тіркелмеген аңшы қаруын заңсыз сақтаған үшін 1 азаматтың үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігіне сай, яғни жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін хаттама жасақталды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT