Атырау облысының Азаматтық альянсы мен Атырау жоғарғы медициналық колледжінің бірлескен ұйымдастыруымен өткен «дөңгелек үстел» жастар арасында атом энергетикасына деген қызығушылықты арттыруға жаңа серпін берді.
Аталған колледждің III, IV курс студенттерімен кездескен техника ғылымдарының кандидаты, профессор Ақмарал Қонарбаева АЭС тақырыбындағы маңызды мәселелерді қозғады. Ол өз сөзінде атом энергетикасының қазіргі заманғы даму бағыттары, оның артықшылықтары мен қауіпсіздік шаралары туралы жан-жақты түсінік берді.
«Дөңгелек үстел» барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан жан-жақты жауап алды. Атап айтқанда, жастар атом электр станцияларының жұмыс принципі, ядролық қалдықтың қауіпсіздігі, атом энергетикасының экологияға әсері сияқты мәселелерге қатысты пікірлерін талқылады.
Осылайша, өткізілген іс-шара жастардың атом энергетикасы туралы білімін тереңдетіп, олардың бұл салаға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.