АЭС құрылысы – кезек күттірмейтін іс. Себебі мұнай-газ өнеркәсібінің 65%-ы шоғырланған Атырау өңірінде электр қуатына деген сұраныс жыл санап өсіп келеді.
Сәйкесінше жаңа баламалы электр энергиясын талап етеді. Елімізде жылма-жыл өндіріс дамып жатқандықтан, транспорт 3, 4, 5%-ға дейін өсіп отыр. Ол өсімді қамтамасыз ету үшін жаңағыдай базалық деңгейдегі электр энергия көзі керек. Франция – әлемде атом энергиясын кеңінен қолданатын елдің бірегейі. Елдегі электр энергиясының 70 пайыздан астамы АЭС арқылы өндіріліп алынады. Францияның атом энергетикасы экологиялық тұрғыдан тиімді екенінен бөлек, ол энергияға деген сұранысты толығымен қанағаттандырып отыр. Атырау жылу электр орталығы жылына 1,5 млрд. кило/Ватт электр энергиясын өндіруге қауқарлы.
Алайда ол жеткіліксіз болғандықтан Құрманғазы ауданына қарасты «Азғыр» өңірі Индер ауданының шет ауылдары ресейлік қуат көздеріне тәуелді. Егер атом электр станция секілді бірегей тұрақты ток көзін өндіретін жоба қолға алынса, еліміздің ғылыми-техникалық, энергетикалық дамуына үлкен серпіліс берері даусыз.
Мұхамбетқали ҚАЛИЕВ,
Атырау энерго кешені ардагерлер кеңесінің төрағасы