Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Биыл 42 мыңнан астам атыраулыққа әлеуметтік қолдау көрсетілмек

Оның ішінде тұрақты бос жұмыс орындарына 10170, субсидияланған жұмыс орындарына 4700, жастар практикасына 2280, «Күміс жас» жобасына 1507 адам қамтылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сонымен қатар «Бастау-Бизнес» арқылы 1985, онлайн skills арқылы 1 880 адамды оқыту жоспарланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіне облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Дина Әбішева мәлім етті. 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін өңірдегі мансап орталықтарына жүгінген 20 мыңнан астам адамның 12 758-і әртүрлі әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. 6 680 адам жұмыс тауып, 1 690-ы тұрақты қызметке орналасты.

- Жыл басынан бері жастардан 4 400-дей адам хабарласып, олардың 1 942-сі жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар 407 жас онлайн оқудан сертификат алып, 107 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. 55 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі мен 100 мәрте ашық есік күнін өткізу жоспарланған болса, бүгінде 5 жәрмеңке мен 43 ашық есік күні ұйымдастырылды. Мансап орталықтарына жүгінген 8 240 әйелдің 3052-сі жұмыспен қамтылды. 784 әйел онлайн оқудан өтіп, 258-і кәсіпкерлікке бағытталған оқуға қатысты. Мүгедектігі бар 646 азаматтың 616-сы әлеуметтік қолдаумен қамтылып, оның ішінде 62-сі тұрақты жұмысқа орналасты, 240-ы қоғамдық жұмысқа жіберілді. 2024 жылғы №265 облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес, мүгедектігі бар азаматтар үшін 722 мекемеге квота бекітілді, - деді Д. Әбішева.

50 жастан асқан жұмыссыз азаматтарға арналған «Күміс жас» жоба аясында 1 507 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, үш ай ішінде бұл жоспар 67 пайызға орындалды. Жоба еңбек өтілін жинауға және зейнетақы жарналарын толықтыруға мүмкіндік береді.

Аман ШАМАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT