Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 1 сәуірден бастап 2025-2026 оқу жылының бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау басталады.
Б.Аманшин атындағы орта мектебі де бірінші сыныпқа балаларды қабылдауға дайын.
Бірінші сыныпқа алты жасқа толған, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туылғандар бірінші сыныпқа бара алады, өйткені күнтізбелік жылдың соңына дейін олар толық алты жасқа жетеді және мектепке қабылдануға құқылы. Бұл ретте, ата-аналар балаларының құжаттарын «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz және көрсетілетін қызметті беруші (мектеп) арқылы тапсыра алады. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, №065/у нысанындағы және «Бала денсаулығы паспорты» №052-2/у нысанындағы медициналық анықтамалар тапсырылады
Құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін жүзеге асырылады. Тапсырылатын құжттар көрсетілетін қызметті беруші арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, ал портал арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы қабылданады.
Зада ЖАҢАБАЕВА,
Б.Аманшин атындағы орта мектептің директоры