ҚР Бас прокуроры Қазақстандағы қаңтар оқиғасы бойынша қанша шетелдік ұсталғанын айтты.
«Қазіргі кезде 19 шетелдік ұсталды. Олардың арасында Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары бар. Олар жаппай тәртіпсіздікке қатысқан, яғни жаппай тәртіпсіздік бойынша ұсталды», - деді Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерін сауалына жауап бере отырып. Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Бас прокуроры биыл қаңтарда Қазақстан өзінің тәуелсіздігінде мұндай қатыгездікке алғаш рет тап болғанын айтты. Еске сала кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокуратура, Ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және басқа да мемлекеттік орган басшылары «қаңтар оқиғасына» қатысты тергеу барысы туралы депутаттар сауалына жауап берді.
Inform.kz