Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ауыл еңбектеріне құрмет - ел болашағына сенім

Биылғы жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Олардың мәртебесін еселеген Мемлекет басшысының бұндай бастамасының арқасында, еңбектері ескеріліп, нәтижесінде еліміздегі қай салада болмасын жұмысшы мамандарынының жұмысы нығаю үстінде.

Қазіргі заман – нақты іске, өнімді еңбекке сүйенетін кезең. Осы тұрғыдан алғанда жұмысшы мамандықтардың рөлі ерекше. Олар – ел экономикасының іргетасын қалайтын, халықтың күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ететін жандар.

Жұмысшы маман – тек қолымен емес, жүрегімен де еңбек ететін адам. Олар күннің ыстығына да, суығына да қарамай, белгіленген мерзімде ісін тиянақты орындауға тырысады. Сондықтан бұл мамандықтарды тек табыстың көзі емес, елге қызмет етудің, адал еңбек пен тұрақтылықтың символы деп қарау керек.

Қоғам алға жылжыса, оның артында тынымсыз еңбек етіп жүрген жұмысшы мамандардың маңдай тері мен қажырлы еңбегі тұрады. Сондықтан олардың еңбегін қадірлеп, лайықты бағалау – әр азаматтың міндеті деп білемін. Ал ауыл еңбеккеріне деген құрмет – ел болашағына деген сенім.

Сәбит Халенов,

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT