Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

"Аула ішінде кездесу": полицейлер тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндірді

Атырау облысында жергілікті полиция қызметкерлері тұрғындармен ашық форматтағы кездесу өткізіп, қоғамдық қауіпсіздік талаптарын түсіндіруді жалғастыруда.

Шараның мақсаты — қоғам мен полиция арасындағы байланысты нығайтып, құқықтық мәдениетті арттыру және тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беру. Сондай кездесулердің бірі Атырау қаласындағы №2 полиция пунктінің аумағында өтті. Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындарға хабарландыру беріп, қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидасының қалыптасуына үлес қосуға шақырған. Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция қызметі, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармаларының мамандары қатысып тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық кеңестер ұсынды. Есірткі қылмыстары мен интернет-алаяқтардың арбауынан сақ болу үшін қажетті ақпараттар жеткізілді. Патрульдік полиция қызметкерлері ауладағы балаларға жол қауіпсіздігін түсіндіріп, сақ болу керегін ескертті. Кішкентай қонақтарға балмұздақтар таратылып, полиция қызметкерлерімен достық қарым-қатынас орнатуға бағытталған танымдық сауалнама да ұйымдастырды. Мұндай кездесулер халықпен тығыз байланыс орнатуға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және полицияның ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT