Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін Мемлекеттік рәміздер алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Атырау облысының әкімі Серік Жамбылұлы Шәпкенов арнайы қатысып, атыраулықтарды атаулы күнмен құттықтады.

Шара барысында Мемлекеттік Ту арнайы әскери қарауылдың сүйемелдеуімен көтеріліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Бұл – еліміздің егемендігін айқындайтын қасиетті рәміздерге деген құрметтің ерекше көрінісі болды. Салтанатты рәсімге құқық қорғау органдарының қызметкерлері, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы мен шекара қызметінің офицерлері және сарбаздары қатысты.

Сонымен қатар, қала тұрғындары, спортшылар мен жастар сап түзеді. Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Өнерпаздар рәміздерге арналған поэтикалық композиция ұсынып, отансүйгіштік тақырыптағы әндерімен көрерменге рух сыйлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT