Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Atyrau Hub орталығы жұмысын бастады

Қазақстандағы он алтыншы өңірлік IT Hub Атырауда ашылды. Өңірлік хаб Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданы, Кенжебай Маденов көшесі 7а мекен жайындағы нысанның 2-ші қабатында орналасқан , - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Atyrau Hub - стартаптарды қолдауға, IT білім беруді дамытуға және Қазақстанның батысындағы технологиялық экожүйені нығайтуға бағытталған. Басты мақсат - жергілікті IT-қоғамдастықты қалыптастыру, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, стартап мәдениетін құру және цифрлық оқыту үшін кең мүмкіндіктер ұсыну.

Atyrau Hub - Astana Hub-тың білім беру және инкубациялық бағдарламаларының алаңы болады, сондай-ақ meetup , Pizza Pitch, workshop, Speaker Talks, Idea Battle және басқа да белсенді IT-қоғамдастықты дамытуға арналған іс-шаралар өткізілетін орталыққа айналады. Нәтижесінде өңірдегі жастар тың идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік алып отыр.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңірлердегі инновациялық экожүйені кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Қазіргі уақытта еліміздің 15 өңірінде IT-хабтар белсенді жұмыс істеп жатыр.

Жыл соңына дейін осындай инновациялық орталықтар Жезқазған, Петропавл және Жаңаөзен қаласында ашылмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT