1941-1945 жылдарға жалғасқан Ұлы Отан соғысы кезінде Еділ-Жайық арасындағы халықтың бастан кешкен ғаламат арпалысы мен жанқияр еңбегі бүгінгі ұрпаққа беймәлім жағдайда қалып қойғаны рас. Ол өзі екі салада болды. Алдымен майдандағы жауынгерлерді азық-түлікпен қамту жолында Каспий теңізінен балық аулайтын «Еңбек майданы» деген қауырт жұмыс жылдар бойына жалғасты. Оның жұмысы майдандағы соғыс жағдайымен бірдей саналып, өте қатаң тәртіпте жүргізді.
Еділ-Жайық арасындағы балықшы колхоздардың ер азаматтары сол «Еңбек майданына» шақырылып, қолдарына «бронь» беріп, соғысқа қатысушылар есебінде болды. Әрине, олар ұрыс даласындағыдай жауған оқтың ортасынан аман болды, бірақ көрген қиындықтары мен шеккен азаптарын кеңейтіп жазар болсақ, олары бір кітапқа да симас еді. Екіншісі, Атырау-Ақсарай-Астрахань теміржолын салудағы қиямен-қайыммен тең жағдай еді. Бұл телімде темір жол желісінің алғашқы сынасы бұдан 79 жыл бұрын қағылған. Яғни 1942 жылдың көктемінен күзге дейінгі аралықта Гурьев-Астрахань темір жолының негізі – жер төсемі салынды. Ал енді осы жол не себепті салынды дегенге келсек, оған неміс әскерінің 1942 жылдың көктемінде Сталинградты басып алып, Еділден өтіп, Кеңес Одағының Кавказбен байланысын үзіп, Мәскеуге тікелей жол ашпақ болғаны әсер етті.
Кеңес армиясының қолбасшылары, егер де немістер Сталинградты алып, Еділден өтіп кетсе, Кавказға тікелей шығу үшін қысқа мерзімде Гурьев-Астрахань темір жолын салып, сол өңірге қару-жарақ жеткізіп, Әзірбайжан, Грозныйдан жанармай тасымалдауды көздеген болатын. Сөйтіп, ұзындығы үш жүзден астам шақырымды құрайтын темір жолды салу басталды. Әрине, жол салу үшін ең бірінші кезекте жұмысшылар керек болған. Ал ел азаматтары майданда, елде әйелдер мен жасөспірімдер қалған. Басқа жұмыс күші болмағаннан кейін, бүкіл Жайық өзенінің бойынан, Нарын құмынан, Атырау қаласынан жасы 45-ке дейінгі әйелдер, 15-16 жастағы балалар жұмысқа алынған. Әйелдер жас балаларын үйде иесіз қалдырып, «Бәрі де Отан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен іске кіріскен. Елде тек емшектегі баласы бар келіншектер мен қарт әжелер ғана қалған. Бірақ оларға да оңай болған жоқ. Колхоздың малын бағып, сүтін сауып, шөбін дайындау соларға жүктелген. Бұл оқиғаның тірі куәгерлері бүгінде жоқ. Сол бағытта ой қосып, пікір білдірушілер болды. Жергілікті қаламгер, марқұм Рахмет Иманғалиев ағамыздың көзі тірісінде осы теміржол табанын төсеудегі жанталас қимыл-қырғынға қатыспаса да, көптеген жағдайларды көзбен көріп, естіп-біліп, жадында сақтағынын әңгіме етіп, біраз жайға қаныққан едік. Міне, сол кісіден естігеніміз: «Мен ол оқиғалардың кезінде екінші сыныпта оқитын тоғыз жасар баламын. Жағдай былай болғанын тарихи деректер нақтылайды. 1942 жылдың жазында неміс әскерлері Еділ өзені бойына бекініс жасап, Сталинград (қазіргі Волгоград) қаласын қоршауға алып, Мәскеу мен Солтүстік Кавказға теміржол қатынасын тоқтатуға күш салды. Майданға қару-жарақ пен азық-түлік толассыз жеткізіліп тұруы керек. Немістер соны болдырмауға тырысты. Ғаламат қырғын, қантөгіс жасалғаны соғыс шежіресінде жазылды. Жау Сталинградты уақытша қоршауға алды, ауылымыздың іргесіндегі Астрахань қаласы мен Сайқын стансасын (Бөкей ордасы ауданының орталығы) бомбалап жатты. Жаудың ызылдаған қара самолеттері төбемізге келгенде, мектептен үйге қарай қашатын едік.
Гүрсілдеп, алыстан күңіреніп естілетін бомба жа Осындай ауыр жағдайда майданға тура қатынасты жақындату үшін мұнай мен азық-түліктің қоймасы саналған Атыраудан Ақсарайға дейін шұғыл түрде теміржол қатынасын жасау керек болды. Ол кезде елді Қорғаныс Комитеті деген басқарды, барлық қозғалыс соғыс жағдайында, сот үкімін тосатын уақыт жоқ. Берілген бұйрыққа қарсы болғандар атылады, айдалады, кейбіреулерін түрмеге тығады. Атырау-Ақсарай теміржолының стратегиялық маңызы жоғары еді. Ақтөбеден бермен қарай тартылған қостабан жол Ақсарайға жетіп, Астрахан-Саратов аралығындағы Приволжье теміржолына қосылуы керек. Ондай жағдайда Солтүстік Кавказға, әсіресе Әзірбайжанның мұнайын тезірек жеткізуге мүмкіндік туады. Сондықтан адамдар «өлсін-тірілсін» онымен санасатын жағдай жоқ, майданда да талайлар қырылып жатыр. Украина, Белоруссия елдерінің миллиондаған халқы босқын боп жүр. Ендеше Еділ-Жайық арасы тұрғындарына жеке жеңілдік көрсететін мүмкіндік жоқ. 1942 жылдың қыркүйек айынан бастап, 1943 жылдың қаңтарына дейін алапат қимыл жағдайында Атырау-Ақсарай арасындағы 300-дей шақырымға созылатын теміржол табанын төсеу керек деген пәрмен берілді. Оған 15-17 жастар арасындағы жасөспірімдер (ұл-қызына айырмайды), 45 жасқа дейінгі әйелдер қатаң тәртіппен қатыстырылды. 50 жасқа дейінгі ер азаматтар түгелдей майданға алынды.
Сөйтіп, Еділ-Жайық арасындағы балықшы колхоздарының тұрғындары өте ауыр қиындық көрді. Ерлердің барлығы теңіздегі «Еңбек майданына» алынса, әйелдер мен жасөспірімдер теміржол табанын төсеуге қатыстырылды».рылысын да құлағымыз талай шалған.