Сарбаз өміріндегі айтулы шараға ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Адиль Абесов, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі Департаментті бастығының орынбасары майор Р.Ануров, Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алтын шаңырақ» Аналар кеңесінің төрайымы Жанар Әбіш және сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Күзгі шақырылымда ел шебін берік күзеткен шекарашылар қатарын еліміздің барлық өңірінен жасақталған жалпы саны 109 сарбаз толықтырды. Салтанатты шарада департамет құрамындағы «арнаулы ұтқыр іс-қимылдар» тобының ұйымдастыруымен жауынгерлік ұрыстағы жаттығулар мен патриоттық мазмұндағы музыкалық номерлер қойылды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті
Фото авторы Ануар Абилгазиев