Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» акциясында миллион тоннаға жуық қоқыс шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық науқанына 2,4 миллион адам қатысып, 2,5 миллион көшет отырғызылды. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Egemen Qazaqstan газетіндегі мақаласында жазды.

Президенттің бастамасымен биылғы сәуір айында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған еді.

– Көктемгі су тасқынымен арпалысып, дағдарған шақ болса да, Президент өңір әкімдеріне босаңсымай, айналаны тазалау, абаттандыру ісіне дереу кірісуге пәрмен берді. Бұл жалпыұлттық сипат алатын тұрақты үдеріске айналуға тиіс екенін қатаң ескертті. Түпкі мақсат – қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру, - дейді Б. Уәли.

Жыл бойы жүргізілген акцияға 2,4 миллионға жуық адам қатысты. Жүздеген мың аула мен аумақ тазартылып, 900 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды. Шамамен 2,5 миллион көшет отырғызылды, 20 мыңнан аса әлеуметтік нысанның аумағы, 4,6 мыңнан аса қоғамдық орындар, саябақтар, шағын бақтар абаттандырылды. Бес мыңнан аса тарихи-мәдени нысан және 758 субұрқақ ретке келтірілді. Өзендер мен көлдердің және басқа да су айдындарының айналасындағы 5,8 миллион шаршы метрден аса аумақ, 8,4 миллион метрден аса арық тазартылды. Бұған дейін Kazinform агенттігі Үкімет қабылдаған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасына аналитикалық шолу жасаған еді.

Айта кетейік, Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасап, қоғамдық-саяси өмірдегі, әлеуметтік-экономикалық дамудағы іргелі өзгерістер мен табыс-тар туралы баяндады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT