Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

СҰРАПЫЛ СОҒЫСТАН КӨРІНІС КӨРСЕТТІ

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай аудандық әдістемелік орталықтың әдіскері Ербол Хасановтың ұйымдастыруымен кеше «Жангелдин» мәдениет үйінде «Отты күндер ер есінде, жеңісті күндер ел есінде» тақырыбында аудандық байқау өтті.

img_5479

Өскелең ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, отансүйгіштікке, елжандылыққа, тәрбиелеу, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апаларымыздың ерлігін үлгі ету мақсатында өткен сайысқа аудандағы білім ордаларынан 10 мектеп оқушылары қатысты. Патриоттық әндерден және «Отан үшін от кешкендер» тақырыбында соғыстың сұрапыл жылдарындағы қазақстандық батырлардың өмірінен көрініс көрсеткен қатысушылар өнерлерін сарапқа салды.

img_5513

Нәтижесінде, патриоттық әндерді орындаудан Р.Гамзатовтың сөзіне жазылған Ян Франкленьнің әні «Журавлиді» нақышына келтіре орындаған Қарабау орта мектебінің оқушысы Жылқышы Нұрдәулет І орынды жеңіп алса, «Қазақстан сарбаздары» әнімен Миялы орта мектебінен қатысушы Әлихан Кереев ІІ орынды, қаракөлдік Сағынбай Аманжан мен Жаңашаруа орта мектебінен қатысушы Әбіш Сағадат ІІІ орынды иеленді. Ал, З.Қабдоловтың «Соғыс салған зобалаң» шығармасынан көрініс көрсеткен Жаңашаруа орта мектебінің оқушылары І орынды иеленсе, Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романының үзіндісін сахналаған кенбайлықтар ІІ орынды, Ә.Кекілбаевтың «Ең бақытты күн» әңгімесі желісінде өнерлерін көрсеткен Миялы орта мектебінің өнерпаздары ІІІ орынды еншіледі. Байқаудың жеңімпаз-жүлдегерлеріне арнайы дипломдар табыс етіліп, басқа қатысушылар белсенділіктері мен жақсы өнерлері үшін алғыс хатпен марапатталды. Айта кетсек, патриоттық әндерде бірінші және екінші орын алған Жылқышы Нұрдәулет пен Әлихан Кереев облыстық байқауға жолдама алды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT