Мемлекет басшысы қазіргі әлемді жайлаған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық туралы да ой өрбітті.
«Біздің азаматтарымыз алаяқтардың құрбаны болып жатыр. Көптеген адам адал еңбекпен тапқан табысынан айырылуда. Алдауға сеніп, қылмыстық қаржы операцияларының қақпанына түсіп жатыр. Шектен шыққан алаяқтар ұлттық қауіпсіздігімізге шындап қатер төндіруге айналды. Бұл мәселе біздің еліміз үшін де өзекті» деген Мемлекет басшысы экономикалық немесе әлеуметтік саладағы алаяқтық қылмыстарға қарсы күресті күшейту қажеттігін жеткізді. Уақыт өткен сайын алаяқтарда да алдаудың әр түрлі жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Әсіресе соңғы кездері интернет-алаяқтық өршіп барады. Халықтың сенгіштігін, технологияны жетік білмейтіндерін пайдаланған алаяқтар, ғаламторды табыс көзіне айналдырып алғаны жасырын емес. Алаяқтық қылмысының өршуінің басты себептерінің бірі – бұл халықтың сенгіштігі, өзгенің сөзіне сеніп қалу. Бұдан басқа себептің бірі – бұл құқықтық сауаттың төмендігі.
Азаматтардың көпшілігі өздерінің жеке деректерін қалай қорғау керектігін білмеуі, жалған уәденің артында қылмыс бар екенін ескермеулері себеп болуда. Сондықтан балабақшадан бастап балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастырған жөн. Сондай-ақ интернеттегі алаяқтармен күресте, құқық қорғау органдары мен ақпараттық технология саласының мамандары арасында тығыз байланыс орнатып, алаяқтықтың алдын-алуға бағытталған бірлескен кешенді жұмыстар атқарылу қажет.
Базаргүл ӘБДУАЛИЕВА,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы



