Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ МӘЙЕГІ

Сурет ғаламтордан алынды

 Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайда көптеген көкейтесті мәселе көтеріліп, елімізде орын алатын саяси реформалар да сөз болды. Соның ішінде менің көңілімнен шыққаны –мәдениет пен өнер саласына баса мән беруі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдарының бірі – мәдениет пен өнер. Себебі қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл – ақиқат. Сондықтан біз руханият мәселелеріне айрықша мән береміз. Бұл салада бұрын-соңды болмаған ауқымды шаруалар қолға алынады» деді. Бұл да болса Мемлекет басшысының руханиятқа деген оң көзқарасын білдіреді. Құрылтайда еліміз бойынша Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында бірнеше жаңа мәдени нысан салынатындығы айтылды. Бұдан бөлек музей ісін дамыту да маңыздың міндеттің бірі. Осы ретте, Президент Қызылорда қаласында ашылған жаңа тарихи-өлкетану музейін ерекше атап өтіп, бұд тәжірибеден басқа облыстар да үлгі алуы керектігін баса айтты. Сонымен қатар келелі кеңесте Абай ілімі ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс екендігі айтылды. Бұл да қуана қолдайтын бастама. Себебі қазіргі «Адал азамат» тұжырымдамасы ұлы ойшылдың «Толық адам» идеясымен тығыз астасып жатыр. Еліміздің алдында тұрған ендігі міндет – Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізу. Президент бұл бағытта жүйелі жұмыстар жасауды тапсырды.

Сонымен қатар, Әл-Фараби, Ясауи ілімдері де Абай ілімімен тұтасып, ұлт руханиятының ұстыны болуы керек. Мәдениет пен өнер саласын дамыту бағытында осы және басқа да ұсыныстар мен бастамаларды айтқан Мемлекет басшысының сөздері осы саладағы әріптестерге де тың серпін бергені анық.

Сағат ЖҰМАЛАИЕВ,

Мәдениет саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT