Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ӨНЕРІМЕН ТАНЫЛҒАН ӨРЕНДЕР

Таяуда Атырау қаласында «Қазақстан таланттары» шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ – Мәңгілік ел болашағы» атты байқауы өтті.

Оған домбыра, қолөнер, скрипка және халық әні номинациялары бойынша қатысқан Миялы өнер мектебіның оқушылары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ, қолөнер бөлімі бойынша орта топтан Альбина Марат І орынды жеңіп алса, кіші топтан Зере Амандық ІІ орынды еншілеп, скрипка бөлімінде «Хоровод» шығармасын орындаған кіші топ оқушысы Диана Қоныс І орынды иеленді. Ал, домбыра сыныбынан «Қарлығаш» домбырашылар ансамблі, бүлдіршін тобынан Кәусар Азидолла, балдырған тобынан Айсұлтан Жолдасқалиұлы мен Әдемі Асқар, жеткіншек тобынан Ернар Хамидолла І орынды жеңіп алса, Айзере Бекжанқызы ІІ орынды иемденді. Сондай-ақ, халық әні бөлімі бойынша сынға түскен «Ақберен» дәстүрлі әншілер ансамблі ІІ орынға қол жеткізсе, жеке бөлімде Ерасыл Мұхтар жүлделі І орынды еншіледі.

i

Сонымен қатар, республикалық «Алаш ардақтылары» байқауына да қатысқан мектеп оқушылары аудан абыройын асқақтатып оралды. Сайыста жеке домбырашылар Асхат Әдемі Еркебұлан Мұса, Самал Мұраттар І орынды иеленіп, Мадина Махамбетқызы мен Нұрбақыт Мақсот ІІ орынды, скрипка сыныбынан Диана Қоныс І орынды жеңіп алды. Ал, республикалық «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйым¬дастыруымен өткен «Мәңгілік ел алыптары» тақырыбындағы рухани-патриоттық өнер байқауында бақтарын сынаған аталмыш мектепке қарасты Ойыл ауылдық округі бөлімшесінің «Айзере» бишілері тобы жақсы нәтижемен елге оралды.

Айталық, аталған топтың ішінде хореография жанрында композициялық «Аңшылар» биімен бас жүлдені жеңіп алған аралас топ бишілері Алматы қаласында өтетін халықаралық байқауға тегін жолдама ұтып алса, аталмыш байқауға жолдаманы 50 пайыз жеңілдікпен иеленген жеткіншек тобы «Украин» биімен І орынға ие болып, «Шашу» биімен бақтарын сынаған балдырған тобы ІІ орынды еншіледі. Ал, Миялы өнер мектебінің Қаракөл ауылындағы бөлімшесінде тәрбиеленушілер арасында аталмыш байқауға бейнелеу өнері бөлімі сынға түскен Нұржауған Мыңтасова бас жүлдені жеңіп алса, Гауһар Ермек І орынға қол жеткізді. Сондай-ақ, қаракөлдік Айнамкөз Құлжанова қобыз, Рабиға Жақсылықова мен Қуаныш Далабай домбыра бөлімінен ІІ орынды иемденсе, Арайгүл Құлжан домбыра, Рабиға Жақсылықова дәстүрлі ән номинациялары бойынша қатысып, ІІІ орынды иеленді. Оқушыларды өнерге баулыған үшін жетекшілер Дина Төремұратова мен Шәрбану Мұқанова алғыс хатпен қоса «Үздік көшбасшы педагог» төсбелгісіне ие болса, мектеп директоры Дана Маделбекова, мұғалімдер Ағашина Биғайша, Орынбай Гүлмая, Әсел Батанова, Ақсауле Отаралиева, Алмагүл Талпақовалар алғыс хаттармен, құрмет грамоталармен марапатталды.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT