Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда театр қызметкерлеріне арналған 60 орындық жатақхана салынады

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының қызметкерлеріне арналған жаңа жатақхана бой көтереді. Бес қабатты заманауи ғимарат театр аумағындағы тозығы жеткен, ескі құрылыстардың орнына салынады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жатақхана цоколь және техникалық қабатты қамтитын құрылымдық үлгіде жобаланған. Астыңғы қабатта инженерлік бөлмелер орналасса, бірінші қабатта санитариялық тораптар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген аймақтар қарастырылған.

Ал жоғарғы бөліктерде екі адамға арналған және отбасылық тұрғын бөлмелер, сондай-ақ ортақ ас үй орналастырылған.

Жаңа жатақхана театр ұжымын қолжетімді тұрғын үймен қамтып қана қоймай, қаланың сәулеттік келбетіне де оң серпін бермек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT