Теңіз ауылдық округінде игі әрі сауапты іс атқарылды. Үйден әлеуметтік қызмет көрсетілетін жалғызбасты қариялар — Евгения Латышова мен Анна Спехованың тұрғын үйлерінің ауласында қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында аула аумағы толығымен қардан тазартылып, жүріп-тұруға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалды.
Аталған шара қарт адамдарға күнделікті тұрмыста қолдау көрсетуге, қыс мезгіліндегі қауіп-қатердің алдын алуға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталды.
Мұндай қайырымды істер қоғамда үлкендерге деген құрмет пен қамқорлықты арттырып, өзара жанашырлықты нығайта түседі.



