Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Сенім, ашықтық және әріптестік – заманауи полиция қызметінің негізі

Елімізде ішкі істер органдарын жаңғырту аясында жүзеге асырылып жатқан «Адал полицей» республикалық бастамасының маңызы зор. Бұл жоба полиция қызметінің ашықтығын арттыруға, қоғам тарапынан сенімді нығайтуға және азаматтармен тиімді кері байланыс орнатуға бағытталған.

Бүгінгі полиция – тек заң мен тәртіпті қамтамасыз ететін орган ғана емес, сонымен қатар халыққа ашық қызмет көрсететін құрылым. Біздің басты міндетіміз – әрбір тұрғын өзін тыңдалған, қорғалған және оның өтініші заң талаптарына сай, уақтылы әрі әділ қаралатынына сенімді болуы.
Аталған бастама аясында азаматтармен өзара іс-қимыл сапасын арттыруға, ақпараттың қолжетімді болуына, кері байланысты кеңейтуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Электрондық өтініштер, онлайн-платформалар, QR-сервистер сынды заманауи цифрлық құралдар полицияның әрекет ету жылдамдығын арттырып, барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Қоғаммен кері байланыс – біздің қызметіміздің негізгі тіректерінің бірі. Ол проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтауға, қызмет тәсілдерін жетілдіруге және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарына толық сәйкес келеді.
Атырау облысы Полиция департаменті аталған бағыттарды жүйелі түрде қолдап, іске асырып келеді. Біз диалогқа ашықпыз, ынтымақтастыққа дайынбыз және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету полиция мен қоғамның бірлескен іс-әрекеті арқылы ғана мүмкін екеніне сенімдіміз.
Полиция – заңға және халыққа қызмет етеді. Ал біздің басты мақсатымыз – азаматтардың полицияға деген сенімін нақты іспен, нақты нәтижемен нығайтуға ықпал ету.

Руслан Ешманов,
Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT