Аманбай Өміров атындағы балалар өнер мектебінің есеп беру концерті өтті

Таяуда Сағыз ауылдық округіндегі  Аманбай Өміров атындағы балалар өнер мектебінің осындай тақырыппен  үш күнге созылған есеп беру концерті болып өтті.

Бұл концерттің ерекшелігі классикалық бағытта аталмыш өнер мектебінің өнерпаз оқушылары өз өнерін көрсетті. Айталық, Махамбеттің күйі  «Исатайдың Ақтабаны-айын» Хамза Бекасыл орындаса, «Сакура», «Кукушка», «Паганини» биін бишілер тобы мың бұрала биледі.  Одан соң, баян сыныбының оқушысы Толыбай Рысбек «Колхоздағы той», Өзге Сәндібекқызы Абайдың әні «Көзімнің қарасы»,  шертер сыныбының оқушысы Әділбек  Серікқалиұлы мен мұғалімі Бауыржан Куаналиев  «Тәжік биі № 4»,  қыл қобыз аспабы бойынша 3-сынып оқушысы Айкерім Өңберген «Шәмші әндерінен құрылған попури» әндерін тамылжыта шырқады.

12150396-afe7-4475-965f-b5a439732e2d

Ақбалжан Айдарованың сөзіне жазылған Әбдіғаппар Темірхановтың әні «Тәуелсіз елдің ұланымыз» әнін Нұрай  Оңай  мен Ақерке  Ғинаятолла,  Ақан Серінің «Қараторғайын» фортепиано сыныбының оқушысы Жансая  Жантұрсын, Қазақ және орыс компазиторларының әндерінен попури орындаған вокал бөлімінің оқушылары Батырхан  Мақсот, Ақерке Ғиниятолла, Нұрболат Селбай,  Әсемханым Жеткізген  Айтқали Жайымовтың «Шалқымасын»,  домбыра сыныбының оқушысы Қарақат Ерденқызы, «Цыганская венгерканы» орындаған Әбдікәрім  Серікқалиұлы, «Please don`t make me love you» әнін орындаған  вокал бөлімінің оқушысы Камила Сәлімжан,  «Құлпыра бер-Қазақстан» орындаған Айкөркем  Бақтыкерей өз өнерлерімен көрерменді тәнті етті. Осындай сәтте түлектерге аталмыш өнер мектебінің директоры Сәндігүл Дәуленова куәлік табыс етті.

Үш күнге созылған есепберу  концертінде күй шертіліп, ән айтылып, мың бұрала билеп оқушылар өз өнерлерін ортаға салды.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика