Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЙКӨРКЕМ – ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ

Аудандық орталық кітапханада «Жылдың үздік жас кітапханашысы - 2023»  аудандық байқауы болып өтті. Мақсат - кітапханалардың кадрлық әлеуетін дамытып, жас мамандардың кәсіби құзіреттілігі мен шеберлігін арттыруға жәрдемдесе отырып, шығармашылық бастаманы дамыту және жас кітапханашыларды ынталандырып, жастар арасында мамандықтың беделін арттыру.

Байқауға 9 жас кітапханашы қатысып, «Мен – кітапханашымын», «Ұшқыр ой, ұтымды жауап»,  «Білікті маман – креативті жоба»,  «Кітапханашының  өмірінен бір күн», көрсеткіш жұмыс бөлімдері бойынша сынға түсті. 
Нәтижесінде,  Айкөркем Тайлыбекова  (кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің бағдарламашысы) "Үздік жас кітапханашы -2023"  атанса, І орынды Әйгерім Татишева (аудандық орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі), ІІ орынды  Райхан Шаутікенова (ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері) иеленді. Ал, Нұрсәуле Өтеубаева (Аққора  ауылдық кітапханасының кітапханашысы), Анар Жүсіп (Қоныстану ауылдық кітапханасының кітапханашысы) және Күмісай Жұмабаевалар  (құжаттарды өңдеу және жасақтау бөлімінің кітапханашысы) ІІІ орынды өзара бөлісіп, Майра Өтежанова (оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі), Әсемгүл Сақтаған (Сағыз  ауылдық кітапханасының кітапханашысы), Арай Мәтжандар  (Сағыз  ауылдық кітапханасының кітапханашысы) ынталандыру сыйлығына ие болды. 
Осылайша, жас кітапханашылардың оқырманмен сапалы қызмет атқаруы, олардың болашақтағы кітапханаларды суреттеген жобалары көрермендерге ерекше әсер қалдырды

Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521