Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жасанды интеллект дәуірі және ұстаздар жауапкершілігі

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – білім саласы үшін де үлкен бағдар болды. Президент атап көрсеткендей, білікті мамандарды елге қайтару – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.

Ұстаз ретінде айтарым, жасанды интеллект дәуірінде ұрпаққа сапалы білім беру – тек оқулықпен шектелмей, жаңа технологияларды тиімді қолдана білуді қажет етеді. Біз шәкірттерімізді заманауи білім мен дағдыға үйрету арқылы олардың елге пайдасын тигізетін, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ықпал етуіміз керек.

Бұл Жолдау – ұстаздар қауымына да зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені болашақтың кілті – білімді жастардың қолында.

Гүлсара ТІЛЕГЕНОВА,

Миялы орта мектебінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT