Таяуда республикалық Балаларды ерте дамыту институты, аудандық, қалалық білім бөлімдері, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының ұйымдастыруымен аудандық мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық отбасылардың қатысуымен «Шаңырақ» отбасылық бейнероликтер байқауы өтті.
Отбасылық дәстүрлерді жаңғыртып, бүлдіршіндерге қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыру, рухани адамгершілік құндылықтарға баулу мақсатында ұйымдастырылған шараға «Нұр-Шуақ» балалар-бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілері де қатысты. Байқау үш кезең бойынша өткізіліп, бейнероликтер YouTube бейне платформасына жүктелді.
Нәтижесінде, «Нұр-Шуақ» балалар-бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушісі Руфина Ғазым ІІ орынға ие болды. Бүлдіршінді аталмыш байқауға дайындаған тәрбиешісі Қатира Мұқанғалиеваның еңбегі зор. Ендеше, аудан мерейін үстем етіп жүрген кішкентай бүлдіршініміз Руфинаға талабың таудай болсын демекпіз.