Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

UTEBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІ ШЕТЕЛДЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТІП ЖАТЫР

Биыл UTEBAYEV UNIVERSITY студенттері екінші жыл қатарынан Румыниядағы "Kazmunaigas group" құрамына кіретін "Rompetrol Rafinare" S.A. мұнай өңдеу зауытында өндірістік тағылымдамадан өтіп жатыр. Университеттің "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" және "Өндірісті автоматтандыру және басқару" білім бағдарламалары бойынша білім алатын төрт студенті қазір Румынияда халықаралық тәжірибе жинауда.

Университет студенттері бұл тағылымдама арқылы әлемдік мұнай өңдеу саласындағы жетекші кәсіпорындармен танысады. Олар ең алдымен университетішілік іріктеуден өтіп, "Rompetrol Rafinare" S.A. компаниясының өкілдерімен ағылшын тілінде сұхбаттасты. Конкурстан өткен студенттер бір ай бойы Rompetrol мұнай өңдеу зауытында теориялық білім алып, оны практикамен ұштастырады. Бүгінде университет отандық және халықаралық 150-ге жуық өндірістік компаниялармен келісім шарт аясында бірлесіп жұмыс істейді, - дейді Дуалды оқу және мансап орталығының жетекшісі Тұңғыш Сарсенғалиев. Бір айға созылатын бұл тағылымдама студенттерге өз мамандықтары бойынша теориялық білімдерін нығайтып, өндірістік дағдысын жетілдіруге мүмкіндік береді. Тағылымдама барысында білімгерлер мұнай өңдеу және автоматтандыру процестерімен тікелей танысып, озық технологиялар мен өндірістік тәжірибелерді меңгеруге мүмкіндік алады. Бұл тәжірибе олардың болашақ кәсіби біліктіліктерін арттыруға және халықаралық деңгейде сұранысқа ие маман ретінде қалыптасуына зор үлес қосады.

Айта кетейік, UTEBAYEV UNIVERSITY шетелдік компаниялармен тиімді әріптестік қарым-қатынасты нығайтып келеді. Соның бірі - мұнай-газ саласындағы ірі бренд, 40 жылдық тарихы бар Rompetrol компаниясы. Молдова, Болгария, Грузия, Франция мен Испания нарығындағы бірден-бір румыниялық бренд ретінде де белгілі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521