Әрбір отбасы мемлекеттің айнасы іспеттес. Соған сай, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың нұсқауымен қыркүйек айының алғашқы сенбісі отбасы күні болып белгіленгені баршаңызға аян.
Осы орайда, Жаңашаруа орта мектебінің 9-сынып оқушысы Диляра Асанова аудандық «Менің отбасымның бағы – елімнің мәртебесі» байқауына қатысып І орынды, облыстық байқауға қатысып ІІІ орынды жеңіп алды. Үш бөлімнен тұрған байқау кезеңдері отбасы құндылықтарын дәріптеуге, отбасындағы әке мәртебесін ұғынуға бағытталған. Ендеше, жеңімпаз оқушымыз Диляра мен жетекшісі Гульфина Қойшығалиеваға толағай табыс тілейміз.
Рысты НАУРЫЗБАЕВА,
Жаңашаруа орта мектебінің тәлімгері.