Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Оқусыз күн көру мүмкін бе?

Әрбір ата-ана балаларының жақсы білім алуы үшін бар мүмкіндікті жасайды.

Шыны керек, мемлекет өзіне қажетті мамандықтарға оқу гранттарын көп бөледі. Алайда, ол мамандықтарға жастар баруға құлықсыз. Неге? Қазір бәсеке заманы. Өзімнің жолдастарымнан, айналамдағы мектеп бітіруші жастардың пікірі бойынша айтатын болсам, қазір жоғары білім алып, жұмсақ креслода отырғысы келе салатын жастар көп. Оның бірден-бір ықпалы ата-анадан деп ойлаймын. «Менің балам үлкен бизнес иесі болады, бір кәсіп ашып соны дөңгелетеді» деп кәсіптік оқуға түсіріп жатқан ата-ананы байқамайсың. Көбісі «менің балам кімнен кем, ол бастық болады» десіп жоғарғы оқу орнына түсіріп, соңында жұмыс таба алмай жүргеніне күнде куә болудамыз.

Айталық, осы биыл орта мектепті бітірген ағайын оқушының анасымен тілдесіп қалған едім. Өзімше жол көрсетейін деген оймен «сұранысқа ие мамандық қой» деп Сағыз ауылындағы Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжін нұсқағаным сол еді. Әлгі ата-ана «Қой онда жібермеймін. Баламды өлтіріп кетсе қайтемін. Ол жақ айдың-күннің аманында соғыс қой» демесі бар ма? Сонда кәсіптік білім алушы жастарға қазір көп жағдайлар жасалған, мемлекеттен шәкіртақы да, жұмыс орны да бар. Алайда, бір құмалақ бір қарын майды шірітіп тұрғаны басшыға да, халыққа да айқын дүние. Осы орайда, аудандық «Қызылқоға» газетінде жарияланған «Жастар кәсіптік оқуға неге бармайды?» деген мақалада менің ойымдағы түйткілді мәселе қозғалған. Демек, енді бұл мәселенің қайтсек шешімін тауып, жастарымызды нағыз керекті салаға тарта аламыз. Ойланайықшы ағайын!

Айсәуле АРДАҚҚЫЗЫ,

студент.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT