Жылыой ауданының Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Құрсай каналы арнасынан шықты.
Қазіргі уақытта жағалауды нығайту жұмыстарына жұмылдырылғандар:
1) Жергілікті атқарушы орган - 110 бірлік техника, 162 адам;
2) ТЖД -1 бірлік техника, жеке құрамның 21 адамы;
3) ІІМ-31 бірлік техника, жеке құрамның 90 адамы;
4) Әскери бөлім - 41433 (ҚР ҚМ) -50 адам;
5) Еріктілер саны - 4540 адам. Қазіргі уақытта аудан бойынша жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде, 45452 дана қапшыққа құм толтырылып, 174 000 тонна инертті материал төгілді. 500 үй су астында қалып, 2400-ден астам тұрғын эвакуацияланды.
Тұрғындарды эвакуациялау арнайы белгіленген пункттерге жүзеге асырылады.
Сондай-ақ Теңіз кен орнының аумағында жатақханалар дайындалуда.