Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда тасқынмен күрес үшін Жайық жағалауының 100 шақырымына бөгет соғылуда

6 сәуір, түнгі сағат 00.00. Атырауда қазір су басу қаупінің алдын алу және жою жөніндегі жедел штабтың отырысы өтіп жатыр.

Тасқынмен күресті күшейту үшін, қазіргі уақытта Жайықтың жалпы ұзындығы 100 шақырым болатын жағалауына жаппай бөгет соғу жұмыстары жүріп жатыр.

«Қазіргі таңда жағаның осал тұстарын бекіту жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүруде. Бірақ, біз мұны жеткіліксіз деп есептейміз. Қазір Орынбордан нақты мәлімет ала алмадық. Бірақ, 1993 жылы Иректі су қоймасынан тәулігіне жіберілген су көлемі 1100 текше метр болған еді. Қазір білесіздер, аталған қоймадан жіберіліп жатқан су тәулігіне 2000 текше метрден асып кетті. Сондықтан, қаланың ішіндегі бөгеттердің барлығының биіктігін өсіруіміз керек. Қаланың іші, қала маңындағы барлық бөгеттерді нығайтуымыз керек. Сол себепті, біз әр шақырымды арнайы жұмыс тобына бекітіп отырмыз» деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT