Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЕКІНШІ ТОЛҚЫН ТУРАЛЫ АҚПАРАТ ЖОҚ

Бүгінде ауданға төнген қауіп сейілуде. Аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиевтің мәліметіне сүйенсек, су Тайсойған ауылына барып 150 сантиметрге дейінгі көлемде өз ағысымен кетуде.

Ауыл тұрғындары құтқарушылармен бірге күресуде. Сондай-ақ, Тасшағыл ауылдық округінде де су өз ағысымен келуде және ауылға төніп тұрған қауіп жоқ. Қазіргі таңда 4 арнайы техника жұмыс жасауда.

Бүгін Қоғам елді мекені тұсындағы Әділ Ибрагимовтың қыстағындағына және «Ойтаң» шаруа қожалығындағы қора мен тұрғын үйге су кірген. Қыстақтағы 45 сиыр, 250-300 қой-ешкі мен 2 малшы қырға шығарылды. Ал «Ойтаң» шаруа қожалығындағы тұрғын үйде адам да, мал басы да тұрмайды.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде тараған ауданға келетін судың екінші толқыны туралы нақты ақпарат жоқ.

Әйгерім БИБОЗҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT