Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жоспар орындалуымен құнды

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мәжіліс отырысы өтті. Оған Саяси кеңес Бюросының мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы, бастауыш партия ұйымы төрағалары, округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Бюрода алдымен сөз алған «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев отырыстың күн тәртібімен таныстырған соң, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты "Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасының» Қызылқоға ауданы бойынша биылғы жылғы көрсеткіштерінің орындалысы туралы аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебековтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, аталмыш бағдарлама аясында 7 бөлім бойынша 114 іс-шара жоспарланған. Оның ішінде 76 шараның 13-і (17,1%) орындалды, 61 шарасы (80,2%) орындалу сатысында және 2 шара (2,5%) орындалмай қалу қаупі бар.

Атап айтсақ, қазіргі уақытта 939 жұмыс орны ашылып, 233 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, 55 жұмыссыз кәсіпкерлік негізде оқытылды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұйымдастырылған шаруашылық құрылымдарындағы мүйізді ірі қара мал үлесі 50,1 пайыз, ал ұсақ қара мал үлесі 52,9 пайызға жетіп отыр. Кереген-Сағыз-Жамансор топтық су құбырымен берілетін судың мөлшерін көбейту үшін Кереген жерасты су қорынан қосымша 3 ұңғыма қазылып, қазіргі таңда халыққа су берілуде.

Ал, аудан бойынша жоспарланған 5 шақырым автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер «Атырау көлік» ЖШС-гі жеңімпаз болып, жол құрылыс жұмыстары басталуда. Медициналық қызметтердің сапасын арттыру бағытында аудандық ауруханаға 1 гастроэнтеролог дәрігер мен жұқпалы аурулар дәрігері жұмысқа алынып, жедел жәрдем бөлімі 4 автокөлікпен қамтамасыз етілді. Тасшағыл ауылында 300 орындық мәдениет үйін салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, баяндамашы 2025 жылға дейін мемлекеттік қызметтің электронды түрде көрсетілу көрсеткішін 90 пайызға, аудан халқының цифрлық сауаттылығын ағымдағы жылға 85 пайызға арттыру бағытында жұмыстар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Бұдан кейін баяндамаға орай аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев және бюро мүшелері пікірлерін білдіріп, аудан әкімі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асқар Ақтаевқа санитарлық талаптарды сақтай отырып, аталмыш бағдарлама аясында жоспарланған мәдени-спорттық іс-шараларды өткізуді тапсырды.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Толқын Бейсқали «Келесі жылдан бастап партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер отырысына әр бөлімдер қатынасып, бір-бірімен тәжірибе алмасқаны дұрыс деп есептеймін» деген ұсынысын білдірді.

Саяси кеңесі Бюросының отырысын қорытындылаған «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев:

- Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 21 тамызында өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Жастар – Отанға!» бағдарламасы әзірленді. Аудандағы жастардың әртүрлі топтарымен 25-тен астам кездесу өткізілді, олардың нәтижесінде 20-дан астам нақты ұсыныстар сараланып алынды. Сондықтан аталған бағдарлама аясында белгіленген жауапты орындаушылар қойылған нысаналы индикаторлар мен іс-шараларды уақытылы тапсырып, түйіні шешілмеген өзгеде мәселелерді талқылап, жұмысты жандандыруымыз қажет, - деді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы жобасы қабылданып, бекітілді.

Әйгерім ШАЯХМЕТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT