Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өз денсаулығыңды ойласаң, екпе ал!

Өткен жылы елімізді дүрбелеңге салған коронавирус індеті халықты әбден титықтатты.

Біртіндеп өмірімізге еніп бара жатқан індетті ауыздықтау үшін бүкіл елде вакцина алу жұмыстары жүргізілуде. Індет басталып, адамдар көптеп ауыра бастағанда «Бұл аурудың емі қашан табылады? Аурудың алдын алу үшін екпе жұмыстары жүргізілмей ме?» деген сауалдар көп болды. Енді, вакцина табылып, екпе жұмыстары жүргізіле бастағанда түрлі қауесеттер тарап, жұрт ала көңіл болды. Өтірік сөзге сеніп қалған жұрт, өздері екпе алмағанымен қоймай өзгелерді үгіттей бастады.

Бұл ретте, адамдар күдікке бой алдырмай вакцинаның коронавирус індетіне тосқауыл қоюдың бірден-бір жолы екенін түсінуі тиіс. Мен аудандық орталық ауруханада жұмыс жасаймын. Екпе алу басталғанда бірінші болып дәрігерлер алды. Отбасыммен кеңесе келе мен де Ресей елінен шыққан «Спутника V» вакцинасын алдым. Содан бері біраз уақыт өтті. Вакцина алған кезде болуы мүмкін деген жағымсыз реакциялардың (температураның көтерілуі, бас ауруы, бас айналуы) бірде бірі менің бойымнан байқалмады. Тек бірер күннен кейін ине салған орынның ауырсынуы ғана болды. Енді екінші компанентін аламын. Егер кім-кімге де өзінің денсаулығы, отбасының амандығы қажет болса, вакцина алған дұрыс.

Өйткені екпенің, маңызы зор. Сондықтан барша ауылдастарымды вакцина алуға шақырамын.

Алпамыс АҚБАТЫРОВ,

Миялы ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT