Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН "QYZYLKOGA QUIZ"

Ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, педагог, дәрігер, профессор Халел Досмұхамедұлының туғанына 140 жыл толуына орай ауданда «QYZYLKOGA QUIZ» интеллектуалдық ойыны өтті.

Шарада 100-ден астам медицина, білім, құқық қорғау, мәдениет, мемлекеттік қызметтер салаларында және ауылдық округтерде қызмет атқаратын жастардан құралған 20-дан аса команда қатысты.
Тартысты ойын өрнегіне аудан әкімінің орынбасары Ж.Есенғалиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Ақтаев, Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы А.Төлеген төрелік етті.
Бәсекелестікке толы ойын өрнегі 6 кезеңнен құралып түрлі бағытта сұрақтар қойылды.
Сайыс қорытындысында мәдениет саласының жастарынан құралған «Ақ пен қара» тобы 1 орын иеленсе, Халел Досмұхамедов атындағы орта мектеп ұстаздарынан құралған жастар 2 орын, ал Ы.Шөреков атындағы орта мектеп 3 орынды иеленді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтармен дипломдар берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT