Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУРУХАНАДАҒЫ ХАЛЕЛ БӨЛМЕСІ

Биыл жерлесіміз, ғалым, дәрігер, ұстаз Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл. Қызылқоға топырағынан шыққан ардақты ұлын аудан халқы қашан да мақтан етіп, құрметпен еске алады.

Соның бір дәлелі – аудандық ауруханада қоғам қайраткері Х.Досмұхамедов атындағы бөлме ашылды. Оған аудан әкімінің орынбасары Ж.Есенғалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Ақтаев, ардагерлер, аурухана қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Бөлменің ашылу салтанатының лентасын аудан әкімінің орынбасары Ж.Есенғалиев пен денсаулық саласының ардагері, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Б.Есжанова қиып, ақжарма тілектерін жеткізді. Өз кезегінде сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев қоғам қайраткерінің есімін ұлықтап жатқан азаматтар мен аурухана басшылығына ризашылығын білдірді. Жаңадан ашылған бөлмеде дәрігердің өмір жолы мен естеліктері көрініс тапқан. Аудандық орталық кітапхананың абонемент бөлімінің кітапханашысы К.Сатаева «Табиғатынан талантты тұлға» тақырыбында көрме ұйымдастырып, таныстырып өтті. Сондай-ақ, ашылу кезінде шашу шашылып, дәмнен ауыз тиді.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521