Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«ЖАСҰЛАННЫҢ» КІШКЕНТАЙ ЛАУРЕАТТАРЫ

Жақында шығармашылық бастамалар орталығы «Өнер әлемі» және Атырау облыстық білім беру басқармасының қолдауымен Атырау қаласында «Жайық сазы» І республикалық балалар мен шығармашылық фестивалі болып өтті. Ондағы мақсат – дарынды орындаушылардың шығармашылық қабілетін жүзеге асырып, оларды қолдау. Оған қатысушылар әрбір номинацияның жеке орындаушысы немесе шығармашылық ұжым, халық әні, вокал, хореография өз таңдауында бір шығарманы ұсынды.

Байқауға 4-25 жас аралығында өнерлі балғындар қатысты. Оның ішінде, «Жасұлан» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиеле-нуші бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетіп, жетістіктерімен аудан абыройын бір көтеріп тастады. Нәтижесінде көлеңке театры жанры бойынша «Балақай» театры (жетекшісі Н.Нығметов), вокал жанры бойынша «Жасұлан» тобы (жетекшісі Н.Нығметов), мәнерлеп оқу жанрынан Шекіртқали Ерген (жетекшісі Н.Жексенғалиева), Махсот Мейірімдер (жетекшісі З.Сапарова) бірінші орынға ие болып, барлығы «Жайық сазы» фестивалінің лауреат дипломдары-мен, медальдарымен, сыйлықтары-мен марапатталса, хореография жанры бойынша «Жұлдыз-ай» бишілер тобы III орынды (жетек-шісі Л.Қапанова) иеленді.

«Өнерлі бала – сүйкімді» де-мекші, баланың бойындағы дарын, талант әртүрлі байқаулар арқылы жарыққа шығады. Осы тұста, балабақша ұстаздарының да еңбегі орасан зор. Ендеше, бүлдіршін-дерге әлі де толағай жеңістер тілей-міз.

Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521