Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Арман» мәдениет үйінде аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың төрағалығымен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіріп, өзекті мәселелерді талқылау бағытында ауданның кәсіпкерлерімен кездесуі болып өтті.

Мәжілісті ашып, жүргізген аудан әкімі Қанат Әзмұханов алдымен ауданға арнайы іссапармен келген «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Атырау облыстық филиалының директоры Нұрлан Сүйінбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Гүлзада Шалағұлова, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша несиелік аудитор Динара Дүйсенғалиеваларды таныстырды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндамашылар өз хабарламаларын оқып, кәсіпкерлік бағытта мемлекет тарапынан берілетін несиелерді түсіндірді. Аудан кәсіпкерлері келген қонақтарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Толығырақ аудандық «Қызылқоға» газетінің келесі санынан оқи аласыздар.

Әйгерім Бәйдаулет

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521