Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалықтар екінші мәрте екпе алды

Елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ақпан айында екпе салу жұмыстары басталғаны белгілі.

Соған орай, ауданға Ресейде шығарылған «Спутник-V» вакцинасының 20 дозасы келіп, алғашқы болып аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы міндетін атқарушы Шолпан Асауова мен аудандық аурухана директоры Самат Тайшыбай бастаған 20 медициналық қызметкерге екпе салынды. Алғашқы екпе алғандар арасында денсаулығы бойынша шағым айтқандар болмады. Араға 21 күн салып ауданда екпенің екінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде алдыңғы екпе алғандарға екінші қайтара вакцина салынды.

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше алдағы уақытта ауданға тағы бірнеше доза вакцина келіп, бұл жолы полициялар мен педагогтарға салынады деп күтілуде. Айта кетейік, қазіргі таңда ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронвирус дертімен қаңтар айында 29 адам, ақпан айында 3 адам ауырса, наурыз айы басталғалы ешқандай науқас тіркелген жоқ. Десе де, бұл ауру толық жойылды деген сөз емес. Ауданда әлі де болса карантиндік шектеулер сақталады.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521