banner_damu

Жоғары білім саласындағы парасаттылық

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жоғары білім саласындағы парасаттылық тақырыбына Қазақстанның жоғары оқу орындары ректорларының Форумы өтті.

Форум ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Карантиндік шектеулер мен сақтық шараларын сақтау мақсатында елдегі жоғары оқу орындарының өкілдері форумға бейне-байланыс арқылы қатысты.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Әлтаир Ахметов, ҚР Білім және ғылым Вице-министрі Мирас Дәуленов, сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Басшысы Елші Дьердь Сабо қатысты.

- Жастардың бойында адалдық, парасаттылық пен әділдік принциптерін дамыта отырып, тұлға ретінде қалыптасу кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа араласуы маңызды. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар, – деді О. Бектенов. Ол сондай-ақ Академиялық адалдық Лигасына кірудің және жоғары оқу орындарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» міндетті пәнін енгізудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл мемлекеттік басқару Академиясы 2020 жылдың шілдесінде Қазақстанның жоғары оқу орындары мен мемлекеттік мекемелері арасында бірінші болып ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес парақорлықпен күрес менеджменті жүйесінің сертификаттауынан өткенін атап өтті.

- Ұйымдардың, соның ішінде білім беру саласының басшылары да уақытпен бірге қадам басып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өз құралдарын әзірлеуге уақыт жұмсамай, халықаралық практикаға жүгінуі керек. ISO 37001 халықаралық стандарты сауатты құрылған басқарушылық процестер есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барлық нысандары мен түрлерін мейлінше азайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ерлан Әбіл. Қазіргі уақытта Академия Агенттікпен бірлесіп ISO 37001 сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс-қызметін ілгерілету бойынша бірнеше жобаны іске асыруда.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика