«Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев онлайн брифингте айтты», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникацилар қызметі.
Яғни, 100 адамға кәсіп ашу мақсатында несие беріліп, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 85 азаматқа грант тағайындалған. Спикер " Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының" үшінші бағыты бойынша 2097 адам жұмысқа орналасқанын да мәлімдеді.
- Оның ішінде 49-ы әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылып, 126 жас жастар тәжірбиесіне жолданды. Ал, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 1 038 адам жіберілді. Бұдан бөлек, бос жұмыс орындарына 884 қызылқоғалық тартылды, - деді Нұрсұлтан Бисембиев.
Айта кетейік, Қызылқоға ауданында аталған бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 92 адам кәсіптік оқуға жіберіліп, оның ішінде 32 адам жұмысқа орналасқан. Ал, екінші бағыты бойынша 80 адам «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерінен оқудан өтті.