Бүгін аудан бойынша биылғы жылдың алғашқы сенбілігі өтті. Оған барлық бөлім, мекемелердің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысып, ауыл ішінің тазалығына өз үлестерін қосты.
Миялы ауылдық округі әкімінің орынбасары Мақсат Төкеновтің айтуынша таңғы сағат 9-да басталған сенбілікке барлығы 400-дей тұрғын ат салысқан. Олар ауыл ішін, өз мекемелерінің маңын тазалап, жиналған күл-қоқыстар 2 арнайы техникамен белгіленген қоқыс алаңына төгілді.
Алғашқы сенбілік нәтижесінде Миялы ауылдық округі бойынша барлығы 50-60 тоннадай қоқыс шығарылды. Дәл осындай сенбілік ауданның барлық ауылдық округінде ұйымдастырылып, оған аудан тұрғындары белсене ат салысты. Сенбілік келесі аптада да жалғасын тауып, онда ауыл сырты тазаланатын болады.