Республика Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев облысқа жұмыс сапары барысында «Иманғали» мешітіне қарасты «Құран жаттау және діни сауат ашу орталығында» имамдармен кездесіп, Президент Жолдауында көтерілген маңызды тақырыптар аясында сөз өрбітті.
Сала мамандарының дін қызметіндегі атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдірді. Президент кеңесшісі Жолдауда еліміздің азаматтарының дініне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және басқа да себептерге байланысты ешкімге ешқандай қысым жасалмайтындығы айтылғанын атап өтті. Бұл бағытта да құзырлы органдар тиісті жұмыстарын атқарып жатқандығын еске салды. Сондай-ақ, алдағы уақытта бірқатар шаруаның басы-қасында бірлесіп жұмыс атқару туралы пікірін білдірді Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев зайырлы елдің ортақ құндылықтары мәселесін талқылады.
Сонымен бірге, дін қызметкерлерінің жаңа қоғамға сай білім-біліктілігін, рухани даму деңгейін арттыру мәселесін көтерді. Дін қызметкерлері көкейде жүрген сауалдарын жолдап, ұсыныс пікірлерін де жеткізді.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ