Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Көлік министрі атыраулықтармен кездестi

Министр Марат Қарабаев көлік және логистика, автожол құрылысы, азаматтық авиация және т.б. салалар бойынша сұрақтарға жауап беріп, қоғам белсенділері мен өңір тұрғындарының ұсыныс-тілегін тыңдады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңір тұрғындары республикалық жолдарды жөндеу, жолаушылар тасымалын субсидиялау, ҚТЖ және авиарейстер санын ұлғайтуға қатысты мәселелерді көтерді.

- Мені өңірдегі қоғам белсенділерінің жолды күтіп ұстау жұмысына белсене араласатыны қуантты. Олар бірігіп жұмыс жасауға дайын екенін айтты. Біз, әрине, оны қолдаймыз,- деді ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев.

Көлік министрі көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Соның бірі - «Атырау – Астрахан» тасжолының құрылысы. Министрдің айтуынша, тас жол биыл пайдалануға берілгенімен, жұмыстар толықтай тек келер жылы аяқталмақ.

- Атыраудағы ең үлкен мәселе – осы тас жол. Бұны біз бірнеше рет айттық. 277 шақырымның бәрі толығымен іске қосылады. Ал қаланың шығаберісіндегі және Аққыстаудағы 16 шақырымдық айналма жолды келесі жылы толығымен салып бітіреміз,- деді министр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT