Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ОРТАЛЫҚ СТАДИОН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Миялы ауылындағы қайта жаңғырту жұмыстары жасалған орталық стадион пайдалануға берілді. Жас ұрпақтың болашағын жарқын ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында орталық стадионға қайта жаңғырту жұмысын «ЕділСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.

Стадионда үлкен және шағын футбол, стритбол, воркаут, жолақты жүгіру алаңдары, 500 орындық көрермен мінбесі жасақталып, командаларға арналған киім ауыстыратын, жуынатын орындар қарастырылған. Стадионның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Қанат Әзмұханов:

– Денсаулығы мықты, шымыр да шыныққан, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру үшін спорт саласына аса мән беруіміз керек. Бұл бағытта ауданда бірқатар жоба қолға алынды. Оған Миялы ауылында бүгін пайдалануға беріліп жатқан орталық стадион, Сағыз ауылында салынып жатқан үлкен стадион және бес округте құрылысы жүріп спорт кешендері дәлел бола алады. Алға қарай әр округтен ашық спорт алаңдарын салу жоспарда бар. Оның бірі жақында Жангелдин ауылында ашылды. Міне, осы спорт кешендері мен спорт алаңдарында жаттыққан жеткіншектеріміз әлемдік додаларда ел намысын қорғауына тілектеспін, - деді,

Сонымен қатар шарада «Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, спорт саласының ардагері Рахмет Ғалиахметов пен аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі, спорт жанашыры Жүсіп Әбдіғали құттықтау сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында ауданда атқарылып жатқан игі істерге ризашылықтарын жеткізді.

Бауыржан САҚТАСЫНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521