Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұлдай апаның ұмытылмас сәті

Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар.

Бірақ, еткен еңбек, көрген бейнет, тапқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу, ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Ал, осындай адами асқақ қасиетке жеткен азаматшалардың бірі – Ұлдай Әйтішқызы. Ол Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 10 жыл» мерекелік медалінің иегері. Алғашқы еңбек жолын трактор тізгініне отырып бастаған ол саналы ғұмырын ауданның дамуына арнаған азамат атына лайық – асыл жан. Ендеше, осындай ауданның дамуына өз үлесін қосқан асыл жанды 70 жас мерейтойымен құттықтап, ізгі істерін жария етсе керемет емес пе?!

Осыған орай, «Арман» мәдениет үйінде Ұлдай Әйтішқызымен кездесу кеші болып өтті. Оған аудан әкімі Арман Баженов, аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали, мәслихат депутаттары мен ардагерлер қатысты. Алдымен Ұлдай Әйтішеваның алған марапаттары және басылым беттерінде жарық көрген бірқатар мақалалары қойылған көрмені тамашалаған кеш қонақтары мерейтой иесімен әсем әннің демеуімен әдемі әңгіме өрбітіп, өмір деректері бейнебаян арқылы көрсетілді. Кездесу кешінде ауданның Құрметті азаматы Жаңыл Жұбаева, бірге қызметтес болған Оржан Қазиев, мәдениет саласының ардагері, зейнеткер Ұлмекен Бердіғалиева, әріптес інісі Жолдас Ибрашевтар жылы лебіздерін арнап, естеліктерін айтты. Сондай-ақ, кеште Ұлдай Әйтішқызы Ұлмекен Бердіғалиевамен бірге «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін орындады.

Кездесу барысында ақ тілегін арнаған аудан әкімі Арман Баженов мерейтой иесіне құттықтау хатын табыстап, сый-сияпат ұсынды. Сонымен қатар, Жамбыл, Ойыл ауылдық округтерінде де мерейтой иесіне арналған кездесу кештері ұйымдастырылып, Ұлдай Әйтішқызына құрмет көрсетілді.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT