Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ БАСШЫ

Тамыз айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетін кәсіби мереке – Көлік қызметкерлері күніне орай адал да абыройлы еңбегімен ерекшеленген сала қызметкерлерінің бір тобы жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды.

Солардың санатында «Атыраукөлік» ЖШС директоры Қайрат Юсупов те бар. ​1968 жылы, Атырау қаласында дүниеге келген ол 1983-1987 жылдары Гурьев ауыл шаруашылығы техникумында техник-механик мамандығы бойынша білім алып, 1987-1989 жылдары Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеді. 1989 жылы кәсіби мамандығын жалғастырып, Атырау мұнай және газ институтына түсіп, 1994 жылы «Автокөлікті техникалық пайдалану» мамандығын тәмамдады. 1989-1992 жылдар аралығында Гурьев автокөлік кәсіпорнында автомеханик болып жұмыс істеді.1997 жылы Атыраукөлік» акционерлік қоғамының президенті лауазымына сайланды. 2013 жылы Халықаралық бизнес академиясында Іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алды ​Отыз жылға жуық уақыттан бері «Атыраукөлік» ЖШС-не басшылық жасап келеді. Осы кезеңде Қайрат Тілепқалиұлыұлы жетекшілік еткен ұжым өңірдің дамуына соны серпін берген тың бастамалар мен өміршең жобалардың жүзеге асуына атсалысып келеді. Оған қоса, бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінген серіктестік басшысы бұл тұрғыда да өзінің жүктелген міндетті мінсіз атқара білді. Ең бастысы, еңбек адамын қоғамның басты байлығы деп бағалаған азамат қарауындағы жұмысшы-қызметкерлердің аласыз жұмыс жасауына қолайлы жағдай туғызып, оларың әрқайсысына қамқорлықпен қарап, қажет кезінде қолдау көрсетуді дағдыға айналдырды. ​Қайрат Юсуповтың осындай адами, азаматтық қырлары мен қасиеттерін жоғары бағалаған әріптестері оны бірауыздан «Құрмет» орденіне ұсынды. Кәсіби мереке қарсаңында жерлесіміз аталған жоғары мемлекеттік марапатты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алды.

Дәулетқали АРУЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT