Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Биыл ауданда үш мәдениет үйі пайдалануға беріледі

Қызылқоға ауданында мәдениет инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Жыл соңына дейін Мұқыр, Миялы және Қарабау ауылдарында жаңа мәдениет үйлерін пайдалануға беру жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қарабауда 300 орындық екі қабатты мәдениет үйі салынуда. Ғимаратта акт және хореография залдары, шығармашылық үйірмелер кабинеттері, грим бөлмелері мен оқу залы қарастырылған. Ал Мұқыр мен Миялы ауылдарында 400 және 500 орындық мәдениет үйлері бой көтеруде. Сондай-ақ Жангелдин ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысанды 2027 жылы аяқтау жоспарланған. Жалпы ауданда 30 мәдениет мекемесі жұмыс істейді. Жаңа нысандардың іске қосылуы ауыл тұрғындарының шығармашылық әлеуетін дамытуға серпін береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT