Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда қалдықтардан экологиялық таза қаптама жасау жобасы жүзеге асуда

Атыраудағы С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ғалымдары Түркиядағы Karabuk University зерттеушілерімен бірлесіп, су және ауылшаруашылық қалдықтарын пайдаланып, полипропилин негізіндегі азық-түлік өнімдеріне арналған қаптама материалдарын зерттеу және дайындау жобасын іске асыруда,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Зерттеу барысында Жайық өзенінен алынған шөгінділер, қамыс және егін қалдықтары арнаулы құрылғыларда өңделіп, тағам өнеркәсібіне арналған экологиялық таза қаптамалар әзірленуде. Ғалымдардың айтуынша, алынған полимерлік материалдар логистика, құрылыс және медицина салаларында қолдануға жарамды. Қалдықтарды шикізат ретінде пайдалану өнімнің өзіндік құнын төмендетіп қана қоймай, экологиялық тиімділікті де арттырады. Ғылыми бастама студенттердің қатысуымен жүзеге асуда. Бұл тәжірибе алмасуға және жас зерттеушілердің ғылыми жұмысқа тартылуына жағдай жасамақ.

 - Конкурстағы жеңіс ұжымның жоғары ғылыми әлеуетін, кәсіби біліктілігі мен зерттеу жұмыстарының өзектілігін айқындай отырып, мұнай-химия инженериясы саласындағы тұрақты дамуды ілгерілетуге, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жетістік отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді тартылуына және өндіріс пен ғылым арасындағы байланысты нығайтуға серпін болмақ,- деді АтМГУ Н.Нәдіров атындағы мұнайхимия инженериясы және экология институтының деканы Асылбек Канбетов.

Айта кетейік, бұл жоба 2025–2027 жылдарға арналған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми грант конкурсының жеңімпазы болды. Оған 119 млн теңге көлемінде грант бөлінген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT