Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

НҰРБОЛ - БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

Бүгін ауданның 80 жылдығына орай “Арман” мәдениет үйінде “Қызылқоға - құт мекен” атты аймақтық ақындар айтысы өтті.

Оған Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарынан барлығы 12 ақын қатысты. Айтысты аудан әкімі Қанат Әзмұханов пен Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов құттықтау тілекпен ашты.

Бұдан соң ақындар жеребе арқылы сахнада жұпталып, айтысты бастап кетті. Нәтижесінде бас жүлдені ақтөбелік Нұрбол Жауынбаев иеленсе, бірінші орынды аққыстаулық Өнербек Дәулекенов жеңіп алды. Екінші орынды жерлесіміз Батыржан Кәдірбай, үшінші орынға Талғат Мықи (Батыс Қазақстан облысы), Бексұлтан Орынбасаров (Қызылорда облысы), Елнұр Исахаевтар (Жылыой ауданы) қол жеткізді. Арнайы жүлде жерлесіміз Бимырза Әбілқайыр мен атыраулық Марсель Ерсайыновқа берілсе, қалған ақындар Алғыс хатқа ие болды. Айтыстың жеңімпаз-жүлдегерлері мен қатысушылар ақшалай жүлде, естелік сыйлықпен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521