Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бос орындар жәрмеңкесі

Жақында «Арман» мәдениет үйінің фойесінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жергілікті тұрғындар мен жоғары және арнайы оқу орындарын бітірген жастардың арасында мемлекеттік қызметке түсу жолдарын түсіндіру, насихаттау, мемлекеттік мекемелердегі бос лауазымдарды толықтыру мақсатында бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Оған Тасшағыл, Тайсойған, Жангелдин ауылдық округі әкімінің аппараттары мен аудандық білім, ветеринария, ішкі істер бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері қатысып, жұмыссыздарға мемлекеттік қызметке орналасу жөнінде кеңінен түсінік берді.

– Жәрмеңке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметші болуды қалайтын азаматтардың саны жыл сайын өсіп келеді. Себебі, мемлекеттік қызметте еңбек ету біріншіден тұрақтылық болса, екіншіден басқару қағидатының негізінде мансаптық өсуге үлкен мүмкіндік береді, – дейді кадр жұмысы және персоналды басқару бөлімінің басшысы Айнұр Шопанова.

Гүлмира МАҚСОТ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT