Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдады

Бас прокуратура 21 қыркүйекке жоспарланған заңсыз акцияға шақыруларға байланысты бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асыловтың үндеуін жариялады.

"Құрметті азаматтар! Әлеуметтік желілерде тыйым салынған және сотпен экстремисттік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" ұйыммен 2019 жылғы 21 қыркүйекте заңсыз наразылық акцияларын өткізуге және оған қатысуға шақыру таратылып жатыр. Деструктивті күштер әлеуметтік қолдау шаралары, мемлекетаралық қатынастар туралы жалған ақпарат тарата отырып, халықты адастырып тәртіпсіздіктерді, әлеуметтік және ұлттық араздықты тудыру арқылы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді", - деді Берік Асылов. Оның айтуынша, мұндай әрекеттерге заңмен тыйым салынған, сондықтан құқық қорғау органдары заң бұзушыларға заңмен белгіленген тәртіпте ден қойып, қатаң шаралар қолданылады. Хабарламада құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында Қылмыстық кодексте жауаптылық қарастырылғанытуралы айтылған:

- 174-бапта әлеуметтік, ұлттық, діни араздықты қоздырғаны үшін, сондай-ақ оларды насихаттайтын материалдарды дайындағаны, таратқаны үшін (егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру мүмкін);

400-бапта азаматтардың, ұйымдардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіргені үшін (200 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 50 күнге дейін қамауға алу);

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған (ауырлататын жағдайларда - 50 АЕК айыппұл, 15 күнге дейін қамауға алу қаралған).

"Құрметті азаматтар, Бас прокуратура сонымен бірге экстремистік ұйымның қызметіне қатысу және қаржыландыру Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын түсіндіреді", - деді ол. - 405-бапта экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін (2 жылға дейін бас бостандығынан айыру); - 158-бапта экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның қызметіне қатысу үшін (мүлкін тәркілеумен 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру); - 258-бапта террористік немесе экстремистік әрекетке дем берушілік және терроризм мен экстремизмнің басқа да жолдарын қаржыландыру үшін (мүлкі тәркіленіп 12 жылға дейін). Сонымен қатар, қатысу дегеніміз - тек заңсыз әрекеттерді ұйымдастыру және жүргізу ғана емес, сонымен бірге тыйым салынған ұйым идеяларын үгіттеу, насихаттау, жариялау, буклеттер, посттар, пікірлер және басқа да ақпараттық материалдарды даярлау, шығару және тарату. Қаржыландыру дегеніміз - ақшаны немесе басқа мүлікті беру, жинау, сыйлық жасау, ауыстыру, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақпарат және басқа да қызметтер көрсету саналады.

Сонымен бірге, хабарламада қолданыстағы заңнамаға сәйкес экстремистік топтың қызметіне қатысуды ерікті түрде тоқтататын адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатыны жазылған. "Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Бас прокуратура азаматтарды заңдарды қатаң сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және елімізде тыйым салынған ұйымдардың заңсыз әрекеттері мен қызметіне қатыспауға шақырады", - делінген хабарламада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT